2023 жылғы қаңтар-тамызда 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (111,4%),сауда (109,9%) және байланыс (108,3%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (100,3%), өнеркәсіп (103,8%) және көлік және жинақтау (106,9% )салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-тамызда 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады.
Теріс өсім Ұлытау (95,3%), Ақтөбе (96,5%) және Қарағанды (97,6%) облыстарында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (117,3%), Алматы қаласы (115,2%), Атырау (109,3%), Ақмола (109,2%) және Абай (107,9%) облыстары көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.