2023 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы– 20,1%, ең аз үлесті Жетісу облысы - 1,5% құрайды.
Жалпы өңірлік өнім | |||||
---|---|---|---|---|---|
млн.теңге | өңірлердің ЖӨӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі, өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың. теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
Қазақстан Республикасы | 47 244 671,5 | 100,0 | 105,3 | 2 382,1 | х |
Абай | 1 154 813,1 | 2,4 | 108,7 | 1 892,9 | 12 |
Ақмола | 1 462 631,5 | 3,1 | 109,3 | 1 855,3 | 13 |
Ақтөбе | 1 993 226,6 | 4,2 | 96,8 | 2 140,7 | 10 |
Алматы | 1 909 079,7 | 4,0 | 108,3 | 1 262,5 | 17 |
Атырау | 6 655 539,9 | 14,1 | 103,8 | 9 563,5 | 1 |
БатысҚазақстан | 1 894 895,1 | 4,0 | 103,0 | 2 747,7 | 5 |
Жамбыл | 1 290 728,2 | 2,7 | 106,1 | 1 057,8 | 18 |
Жетісу | 695 511,5 | 1,5 | 112,6 | 995,1 | 19 |
Қарағанды | 3 010 405,6 | 6,4 | 98,8 | 2 651,3 | 6 |
Қостанай | 1 625 511,3 | 3,4 | 105,8 | 1 953,9 | 11 |
Қызылорда | 1 128 982,4 | 2,4 | 103,0 | 1 350,0 | 15 |
Маңғыстау | 2 005 056,9 | 4,2 | 104,9 | 2 596,7 | 7 |
Павлодар | 1 736 022,3 | 3,7 | 103,0 | 2 298,8 | 9 |
Солтүстік Қазақстан | 830 699,8 | 1,8 | 107,4 | 1 557,3 | 14 |
Түркістан | 1 510 391,5 | 3,2 | 103,2 | 710,3 | 20 |
Ұлытау | 749 432,9 | 1,6 | 102,4 | 3 382,2 | 4 |
ШығысҚазақстан | 1 827 244,4 | 3,9 | 104,9 | 2 503,8 | 8 |
Астанақаласы | 4 753 433,2 | 10,1 | 104,1 | 3 472,4 | 3 |
Алматы қаласы | 9 489 062,9 | 20,1 | 111,5 | 4 359,6 | 2 |
Шымкент қаласы | 1 522 002,7 | 3,2 | 106,3 | 1 269,3 | 16 |
2023 жылғы қаңтар-маусымда жан басына шаққандағы ЖІӨ 2382,1 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы ( 9563,5 мың теңге), Алматы қаласы (4359,6 мың теңге) және Астана қаласы (3472,4 мың теңге) алады және соңғы қатарды Жамбыл (1057,8 мың теңге), Жетісу (995,1 мың теңге) және Түркістан (710,3 мың теңге) облыстары алады.
ЖІӨ-ге ең үлкен үлес Алматы қаласында (1,98 п.т.), Атырау облысында (0,60 п.т.) және Астана қаласында (0,39 п.т.) байқалады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда жалпы экономика бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 4409,2 мың теңгені құрады және алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 3,1%-ға өскенін көрсетті.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.