Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    103 470 837,1 млн.
    2022 жылғы жалпы ішкі өнім көлемі түпкілікті тұтыну әдісімен (есепті деректер бойынша) 103470837,1 млн.теңгені құрады.
    3,2%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 3,2%-ға өстті.
    103 765 518,2 млн.
    2022 жылғы ЖІӨ өндіріс әдісімен (есепті деректер бойынша) 103765518,2 млн. теңгені құрады.

    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 294681,1 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 0,3% - құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2022 жылғы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
    Ағымдағы бағада, млн. теңге Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 62 193 315,9 104,0 115,0 60,1
    үй шаруашылықтарының 50 951 517,7 104,0 115,5 49,3
    мемлекеттік басқару органдарының 10 894 621,7 104,3 112,8 10,5
    жеке тауарлар мен қызмет
    көрсетулерге
    5 577 038,3 101,2 111,9 5,4
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 5 317 583,4 107,9 113,7 5,1
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 347 176,5 98,7 110,2 0,3
    Жалпы қорланым 25 916 382,0 102,1 113,9 25,0
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 22 958 808,4 103,8 114,4 22,2
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 2 957 573,6 - 110,8 2,8
    Таза экспорт 15 361 139,2 - - 14,9
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 43 134 297,5 109,6 128,5 41,7
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 27 773 158,3 113,1 115,9 26,8
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім 103 470 837,1 103,2 119,7 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген
    жалпы ішкі өнім
    103 765 518,2 103,2 119,7 -
    Статистикалық алшақтық* 294 681,1 - - -
    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2022 жылғы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 60,1%, жалпы қорланым – 25,0%, таза экспорт – 14,9% құрады.

    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ құрылымы
    пайызбен
    2022ж.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 4%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 4,3% өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 4%-ға өсуі байқалады.

    Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 %-ға өсуді көрсетті.

    Түпкілікті пайдалану әдісімен компоненттердің ЖІӨ НКИ
    өткен жылға пайызбен
    2022ж.
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова, Серік Д.Ә.
    Тел. +7 7172 74 97 92
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz; d.serik@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші