2023 жылғы қаңтар-қазанда 2022 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,5%), сауда (110,4%) және байланыс (108%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (91,4%), өнеркәсіп (104,7%) және көлік және жинақтау (107%) салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Ұлытау (96,7%), Ақтөбе (97,3%), Солтүстік Қазақсатн (96,7%) және Ақмола (97,9%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Алматы қаласы (113,1%), Жетісу облысы (112,9%) және Атырау (112,6%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.