|
Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| нақты көлем индексі | дефлятор | |||
| Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 37 734 329,3 | 109,3 | 110,2 | 63,2 |
| үй шаруашылықтарының | 29 801 268,2 | 109,8 | 110,5 | 50,0 |
| мемлекеттік басқару органдарының | 7 675 734,3 | 108,0 | 109,0 | 12,8 |
| жеке тауарлар мен қызметкөрсетулерге | 4 423 793,7 | 105,7 | 108,7 | 7,4 |
| ұжымдық қызмет көрсетулерге | 3 251 940,6 | 111,4 | 109,5 | 5,4 |
| үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 257 326,8 | 90,7 | 112,0 | 0,4 |
| Жалпы қорланым | 18 233 239,4 | 115,2 | 109,0 | 30,5 |
| негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 14 899 554,0 | 116,6 | 108,8 | 24,9 |
| материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 333 685,4 | - | 110,1 | 5,6 |
| Таза экспорт | 3 778 869,5 | - | - | 6,3 |
| тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 22 462 766,9 | 99,6 | 110,6 | 37,6 |
| тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 18 683 897,4 | 111,9 | 109,3 | 31,3 |
| Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 59 746 438,2 | 106,3 | 110,3 | 100,0 |
| Өндіріс әдісімен есептелгенжалпы ішкі өнім | 61 371 821,9 | 106,3 | 110,3 | - |
| Статистикалық алшақтық* | 1 625 383,7 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 63,2%, жалпы қорланым – 30,5%, таза экспорт – 6,3% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,8%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 9,3%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 16,6%-ды құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.