2025 жылғы қаңтар-тамызда 2024 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (121,5%), құрылыс (118,1%), сауда (108,9%) және өнеркәсіп (107,6%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі ауыл шаруашылығы (103,4%) және байланыс (103,8%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-тамызда 2024 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (118,6%), Түркістан облысында (115,8%), Шымкент қаласында (115%) және Солтүстік Қазақстан облысында (114%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (97,3%) және Ұлытау (99%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.