Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 51 221 485,1 | 105,1 | 108,7 | 61,4 |
үй шаруашылықтарының | 40 936 231,4 | 106,7 | 108,7 | 49,0 |
мемлекеттік басқару органдарының | 9 953 128,4 | 98,8 | 108,8 | 12,0 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 5 385 903,6 | 98,3 | 110,9 | 6,5 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 4 567 224,8 | 99,4 | 106,5 | 5,5 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 332 125,3 | 110,2 | 110,8 | 0,4 |
Жалпы қорланым | 24 874 041,4 | 101,7 | 104,8 | 29,9 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 21 079 857,8 | 102,2 | 104,8 | 25,3 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 794 183,6 | - | 105,0 | 4,6 |
Таза экспорт | 7 211 375,1 | - | - | 8,7 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 31 902 977,5 | 100,0 | 104,4 | 38,3 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 24 691 602,4 | 98,7 | 101,9 | 29,6 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 83 306 901,6 | 104,1 | 108,0 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 84 962 626,1 | 104,1 | 108,0 | - |
Статистикалық алшақтық* | 1 655 724,5 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 61,4%, жалпы қорланым – 29,9%, таза экспорт – 8,7% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 6,7%-ға өсуі және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының (-1,2)%-ға кемуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 5,1%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 2,2%-ды құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.