2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (111,4%),құрылыс (110,1%) және көлік және қоймалау (108,0%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (103,1%), сауда (106,3%) жәнебайланыс (106,4%) салалары болды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Атырау облысында (95,0%) қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу (114,4%), Ұлытау (114,4%) және Қарағанды облыстары (113,1%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.