Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    50 972 953,8 млн.
    2024 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы ішкі өнім көлемі түпкілікті тұтыну әдісімен 50 972 953,8 млн. теңгені құрады.
    3,2%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 3,2%-ға өсті.
    52 342 740,3 млн.
    2024 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ өндіріс әдісімен 52 342 740,3 млн. теңгені құрады.
    1 369 786,5 млн.
    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 1369786,5 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,6% -ын құрады.
    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2024 жылғы қаңтар-маусымдағы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағада,
    млн. теңге
    Өткен жылға, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 31 333 706,1 103,2 108,6 61,6
    үй шаруашылықтарының 24 562 735,8 105,6 108,7 48,3
    мемлекеттік басқару органдарының 6 517 681,6 94,8 108,1 12,8
    жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге 3 852 681,7 98,1 109,0 7,6
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 2 664 999,9 90,6 106,8 5,2
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 253 288,7 112,0 110,1 0,5
    Жалпы қорланым 14 521 202,4 98,7 104,5 28,4
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 11 748 911,2 99,6 104,6 23,0
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 2 772 291,2 - 104,0 5,4
    Таза экспорт 5 118 045,3 - - 10,0
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 20 389 874,2 101,2 101,5 40,0
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 15 271 828,9 96,6 99,3 30,0
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 50 972 953,8 103,2 107,4 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 52 342 740,3 103,2 107,4 -
    Статистикалық алшақтық* 1 369 786,5 - - -

    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2024 жылғы қаңтар-маусымдағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 61,6%, жалпы қорланым – 28,4%, таза экспорт – 10% құрады.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 5,6%-ға өсуі және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының (-5,2)%-ға кемуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 3,2%-ға өсуі байқалады.

    Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (-0,4)%-ға кемуді көрсетті.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова, Д.Ә. Серік
    Тел. +7 7172 74 96 76
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz; d.serik@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші