Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    26023903,8 млн.
    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы (есепті деректер бойынша) өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі 26023903,8 млн. теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,8% ға өсті.
    3,8%
    ЖІӨ көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3,8% ға өсті.
    12,7%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Ақтөбе облысында (12,7%), Солтүстік Қазақстан (9,7%) және Жетісу облысында (8,7%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2024 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (20,4%), Атырау облысы (12,1%) және Астана қаласы (10,2%) алды.

    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
      Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі, өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жанбасына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 26 023 903,8 100,0 103,8 1 297,0 х
    Абай 713 428,8 2,7 104,1 1 175,2 9
    Ақмола 763 320,1 2,9 102,3 968,4 13
    Ақтөбе 1 077 687,8 4,1 112,7 1 145,8 11
    Алматы 1 199 159,3 4,6 107,4 781,5 15
    Атырау 3 153 451,1 12,1 98,4 4 470,5 1
    Батыс Қазақстан 1 239 384,1 4,8 106,3 1 786,7 5
    Жамбыл 638 675,9 2,5 101,7 522,3 19
    Жетісу 392 798,7 1,5 108,7 563,2 18
    Қарағанды 1 690 879,8 6,5 107,0 1 489,6 7
    Қостанай 974 585,8 3,7 105,1 1 175,1 10
    Қызылорда 576 162,5 2,2 106,9 683,7 17
    Маңғыстау 853 411,5 3,3 97,3 1 081,5 12
    Павлодар 980 252,5 3,8 106,4 1 300,6 8
    Солтүстік Қазақстан 484 557,1 1,9 109,7 916,4 14
    Түркістан 927 563,6 3,6 103,7 432,7 20
    Ұлытау 430 328,3 1,7 104,4 1 942,3 3
    Шығыс Қазақстан 1 086 449,3 4,2 107,5 1 495,0 6
    Астана қаласы 2 647 542,0 10,2 105,6 1 837,5 4
    Алматы қаласы 5 321 676,0 20,4 104,7 2 379,2 2
    Шымкент қаласы 872 589,6 3,3 108,7 711,2 16

    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы жан басына шаққандағы ЖІӨ 1297 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде бастапқы қатарды Атырау облысы (4470,5 мың теңге), Алматы қаласы (2379,2 мың теңге) және Ұлытау облысы (1942,3 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Жетісу (563,2 мың теңге), Жамбыл (522,3 мың теңге) және Түркістан (432,7 мың теңге) облыстары алды.

    2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2024 жылғы қаңтар-наурыз

    ЖІӨ-нің өсуіне Алматы қаласы (0,90 п.т.), Астана қаласы (0,50 п.т.) және Ақтөбе облысы (0,50 п.т.) ең үлкен үлес қосты.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесіндетүрленетіннемесетүгелдейтұтынылатынтауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер
    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова
    Ә.Б. Қабылбекова
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: .suleimenova@aspire.gov.kz, a.kabylbekova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші