Ағымдағы бағада, млн. теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 16 512 711,2 | 104,4 | 109,1 | 64,8 |
үй шаруашылықтарының | 13 418 299,3 | 107,0 | 109,0 | 52,7 |
мемлекеттік басқару органдарының | 2 903 559,4 | 93,3 | 109,2 | 11,4 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге |
1 688 931,4 | 101,2 | 108,9 | 6,6 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 1 214 628,0 | 84,1 | 109,6 | 4,8 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 190 852,5 | 110,1 | 112,8 | 0,7 |
Жалпы қорланым | 6 334 681,5 | 98,7 | 104,3 | 24,8 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 5 544 721,2 | 103,3 | 103,8 | 21,7 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 789 960,3 | - | 107,5 | 3,1 |
Таза экспорт | 2 653 340,5 | - | - | 10,4 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 9 731 221,8 | 98,3 | 101,8 | 38,2 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 7 077 881,3 | 93,7 | 100,3 | 27,8 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім | 25 500 733,2 | 103,8 | 107,5 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім |
26 023 903,8 | 103,8 | 106,3 | - |
Статистикалық алшақтық* | 523 170,6 | - | -1,2 | - |
*Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2024 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 64,8%, жалпы қорланым – 24,8%, таза экспорт – 10,4% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 7%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 6,7% кемуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 4,4%-ға өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3 %-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.