2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (115,9%), байланыс (109,3%) және көлік және жинақтау (108,3%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (101,6%), сауда (103,3%) және өнеркәсіп (103,8%) салалары болды.
2024 жылғы қаңтар-наурызда 2023 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Маңғыстау (97,1%), Атырау (98,2%) және Жамбыл (99,7%) облыстарында қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Ақтөбе облысы (113,7%), Жетісу (113,4%) және Солтүстік Қазақстан (111,0%) облыстары көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.