Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2024 жылмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 106,5 мың адамға, жалдамалы қызметкерлердің есебінен 154 мың адамға өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,4%) және ауыл шаруашылығы (10,6%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 36 сағатты құрады.
| Жұмыс күші, адам | Жұмыспен қамтылған халық, адам | Соның ішінде | Жұмыссыз халық, адам | Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен | Жастар (15-34 жаста) жұмыссыздығы деңгейі, пайызбен | Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам | ||
| жалдамалы қызметкерлер | өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер | |||||||
| 2023 | 9 534 114 | 9 081 920 | 6 893 429 | 2 188 491 | 452 194 | 4,7 | 3,5 | 4 393 533 |
| 2024 | 9 663 991 | 9 214 184 | 7 015 108 | 2 199 076 | 449 807 | 4,7 | 3,1 | 4 512 796 |
| 2025 | 9 769 536 | 9 320 639 | 7 169 107 | 2 151 532 | 448 897 | 4,6 | 3,1 | 4 645 249 |
Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.
Жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
15-34 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-34 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.
Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 4,3%-ы) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.
Ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.