Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 77%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2024 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 81,9 мың адамға, жалдамалы қызметкерлердің есебінен 94,3 мың адамға өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 40 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 36 сағатты құрады.

| Жұмыс күші, адам | Жұмыспен қамтылған халық, адам | Соның ішінде | Жұмыссыз халық, адам | Жұмыссыздық деңгейі , пайызбен | Жастар ( 15-34 жаста) жұмыссыздығы деңгейі, пайызбен |
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам | ||
| жалдамалы қызметкерлер | өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер | |||||||
| 2024 | ||||||||
| I тоқсан | 9619 969 | 9167 300 | 6981 361 | 2185 939 | 452 669 | 4,7 | 3,1 | 4533 817 |
| II тоқсан | 9641 367 | 9190 346 | 6971 030 | 2219 316 | 451 021 | 4,7 | 3,2 | 4513 294 |
| III тоқсан | 9682 380 | 9233 828 | 7020 149 | 2213 679 | 448 552 | 4,6 | 3,1 | 4479 152 |
| IV тоқсан | 9645 294 | 9197 046 | 7047 824 | 2149 222 | 448 248 | 4,6 | 3,3 | 4503 453 |
| 2025 | ||||||||
| I тоқсан | 9735 019 | 9283 504 | 7140 979 | 2142 525 | 451 515 | 4,6 | 3,1 | 4669 631 |
| II тоқсан | 9749 205 | 9300 414 | 7139 335 | 2161 079 | 448 791 | 4,6 | 3,1 | 4649 060 |
| III тоқсан | 9778 691 | 9330 135 | 7155 420 | 2174 715 | 448 556 | 4,6 | 3,0 | 4622 116 |
| IV тоқсан | 9724 603 | 9278 903 | 7142 074 | 2136 829 | 445 700 | 4,6 | 3,1 | 4629 548 |
Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.
Жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;
2) дара кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;
5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
6) тәуелсіз жұмыскерлер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
15-34 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-34 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.
Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.
Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 3,4%-і) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.
Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.
Ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.