Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 391896,3 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,7% -ын құрады.
Ағымдағы бағада, млн. теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
---|---|---|---|---|
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 14 607 113,1 | 109,5 | 119,4 | 62,9 |
үй шаруашылықтарының | 11 497 351,2 | 109,8 | 120,0 | 49,5 |
мемлекеттік басқару органдарының | 2 848 230,5 | 108,4 | 117,0 | 12,3 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге |
1 531 290,0 | 100,2 | 115,4 | 6,6 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 1 316 940,5 | 120,3 | 119,0 | 5,7 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 261 531,4 | 105,0 | 120,0 | 1,1 |
Жалпы қорланым | 6 154 240,7 | 129,8 | 125,4 | 26,5 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 5 168 828,5 | 128,1 | 124,1 | 22,3 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 985 412,2 | - | 132,8 | 4,2 |
Таза экспорт | 2 429 386,9 | - | - | 10,6 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 9 664 056,7 | 104,0 | 99,9 | 41,8 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 7 234 669,8 | 131,9 | 109,1 | 31,2 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 23 190 740,7 | 105,0 | 114,9 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім |
23 582 637,0 | 105,0 | 114,9 | - |
Статистикалық алшақтық* | 391 896,3 | - | - | - |
2023 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыстардың үлесі 62%, жалпы қорланым – 26,1%, таза экспорт – 10,2% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ-ге таза экспорттың үлесі айтарлықтай төмендеді (-11,6 %-ға).
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,8%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті бойынша нақты мәнде 9,5%-ға өсу байқалады.
Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,8 %-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.