2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2023 жылғы қаңтар-мамырда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,1%), сауда (110,2%) және байланыс (109,1%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен өнеркәсіп (102,4%), ауыл шаруашылығы (103,5%) және көлік және жинақтау (107,2%) салалары болды.
2022 жылғы қаңтар- мамырға қарағанда 2023 жылғы қаңтар-мамырда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады.
Теріс өсім Қарағанды (92,4%) және Ақтөбе (95%) облыстарында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқыны Алматы қаласында (122,2%) және Жетісу (117,1%), Ақмола (113,2%), Солтүстік Қазақстан (112,4%) және Абай(110,5%) облыстарында сақталды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.