Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын салықтар бойынша нақты өсім 4,4%, 4,1% және 3,4% құрады.
Нақты мәнде құрылыс (11,5%), өңдеу өнеркәсібі (8,6%), көлік және жинақтау (7,2%), көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (6,2%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,8%) салалары ең көп өсімді көрсетті.
| Ағымдағы бағаларда, млн.теңге | Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| НКИ | дефлятор | |||
| Жалпы ішкі өнім | 115 402 857,2 | 104,2 | 111,1 | 100,0 |
| Тауарлар өндіру | 41 226 078,1 | 104,4 | 110,2 | 35,9 |
| Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 4 335 912,7 | 105,8 | 112,0 | 3,8 |
| Өнеркәсіп | 30 345 580,2 | 102,7 | 110,2 | 26,4 |
| Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу | 13 173 907,3 | 95,7 | 108,7 | 11,4 |
| Өңдеу өнеркәсібі | 14 930 890,6 | 108,6 | 111,5 | 12,9 |
| Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 1 948 392,5 | 112,4 | 110,1 | 1,8 |
| Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 292 389,8 | 109,2 | 108,1 | 0,3 |
| Құрылыс | 6 544 585,2 | 111,5 | 109,0 | 5,7 |
| Қызметтер өндіру | 64 944 109,8 | 104,1 | 109,6 | 56,1 |
| Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 19 613 573,0 | 106,2 | 110,8 | 17,0 |
| Көлік және жинақтау | 7 407 398,3 | 107,2 | 111,3 | 6,4 |
| Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 945 517,0 | 102,5 | 114,4 | 0,8 |
| Ақпарат және байланыс | 2 528 875,5 | 104,6 | 114,9 | 2,2 |
| Қаржы және сақтандыру қызметі | 4 442 755,2 | 102,6 | 104,0 | 3,8 |
| Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 9 862 523,1 | 102,0 | 114,6 | 8,5 |
| Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 3 560 437,7 | 102,6 | 110,7 | 3,1 |
| Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 2 203 866,7 | 103,5 | 111,0 | 1,9 |
| Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 2 122 046,7 | 102,0 | 98,4 | 1,8 |
| Білім беру | 5 380 254,2 | 102,4 | 105,0 | 4,7 |
| Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 2 557 004,0 | 101,9 | 93,6 | 2,2 |
| Өнер, ойын-сауық және демалыс | 970 063,8 | 103,6 | 115,4 | 0,8 |
| Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 3 273 798,7 | 102,9 | 114,4 | 2,8 |
| Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі | 75 995,9 | 101,1 | 110,9 | 0,1 |
| Жалпы қосылған құн | 106 170 187,9 | 104,2 | 109,8 | 92,0 |
| Өнімдерге салынатын салықтар | 9 232 669,3 | 103,4 | 127,9 | 8,0 |
Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2026 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,9% және 56,1% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,4% алып отыр.
ЖІӨ өсіміне өңдеу өнеркәсібі – 1,07 пт., көтерме және бөлшек сауда – 1,04 пт. және құрылыс – 0,62 пт. үлкен үлес қосты.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.
Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.
Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.