|
Ағымдағы бағада, млн. теңге |
Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
| нақты көлем индексі | дефлятор | |||
| Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 105 045 369,9 | 107,3 | 110,9 | 67,7 |
| үй шаруашылықтарының | 88 162 257,5 | 108,1 | 111,4 | 56,8 |
| мемлекеттік басқару органдарының | 16 498 041,7 | 103,4 | 108,2 | 10,7 |
| жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге | 8 500 990,2 | 100,2 | 107,5 | 5,5 |
| ұжымдық қызмет көрсетулерге | 7 997 051,5 | 107,0 | 108,9 | 5,2 |
| үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 385 070,7 | 105,5 | 112,4 | 0,2 |
| Жалпы қорланым | 45 016 860,6 | 112,2 | 107,2 | 29,0 |
| негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 39 170 101,3 | 110,4 | 106,0 | 25,2 |
| материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 5 846 759,3 | - | 115,6 | 3,8 |
| Таза экспорт | 5 173 993,2 | - | - | 3,3 |
| тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 47 092 760,9 | 101,9 | 109,2 | 30,3 |
| тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 41 918 767,7 | 109,0 | 110,8 | 27,0 |
| Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 155 236 223,7 | 106,5 | 109,3 | 100,0 |
| Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім | 159 583 750,7 | 106,5 | 109,7 | - |
| Статистикалық алшақтық* | 4 347 527,0 | - | - | - |
*Статистикалық алшақтық бұл өндірісәдісімен және түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша түпкілікті тұтынуға шығыстардың үлесі 67,7%, жалпы қорланым – 29%, таза экспорт – 3,3% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 8,1%-ке, мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 3,4%-ке және үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 5,5%-ке өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 7,3%-ке өсуі байқалады.
Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 10,4%-ды құрады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.