2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (120,4%), құрылыс (115,9%), сауда (108,9%) және өнеркәсіп (107,5%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (103,6%) және ауыл шаруашылығы (105,9%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (117,6%), Шымкент қаласында (116,7%), Түркістан облысында (113,9%) және Солтүстік Қазақстан облысында (113,8%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (99,1%) облысында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.