Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    159583750,7 млн.
    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (алдын ала деректер бойынша) 159583750,7 млн.теңгені құрады.
    6,5%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ға өсті.
    305956,3 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 305956,3 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын таза салықтар бойынша нақты өсім 8,7%, 5,2% және 5,3% құрады.

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    НКИ дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 159 583 750,7 106,5 109,7 100,0
    Тауарлар өндіру 58 155 538,4 108,7 108,7 36,6
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 6 078 379,7 105,8 108,3 3,8
    Өнеркәсіп 42 222 225,8 107,5 110,0 26,6
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 18 986 881,7 109,3 105,8 11,9
    Өңдеу өнеркәсібі 20 466 318,5 106,7 113,2 13,0
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 2 398 114,0 102,1 116,5 1,5
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 370 911,6 93,5 120,3 0,2
    Құрылыс 9 854 932,9 115,9 104,0 6,2
    Қызметтер өндіру 92 098 336,0 105,2 110,6 57,6
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 31 844 716,9 109,0 112,3 19,9
    Көлік және жинақтау 9 838 660,9 120,2 105,5 6,1
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 1 778 130,7 100,8 111,6 1,1
    Ақпарат және байланыс 3 654 544,7 106,6 113,8 2,3
    Қаржы және сақтандыру қызметі 5 825 067,6 103,0 121,6 3,6
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 14 710 843,5 100,4 126,5 9,2
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 4 614 702,7 94,7 114,6 2,9
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 3 368 776,0 95,2 110,2 2,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 3 003 133,0 101,5 112,5 1,9
    Білім беру 5 068 728,4 101,4 87,2 3,2
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 2 874 656,2 100,6 70,1 1,8
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 1 507 721,6 102,2 117,3 1,0
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 3 724 521,6 100,0 117,3 2,3
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 284 132,2 94,7 102,3 0,2
    Жалпы қосылған құн 150 253 874,4 106,5 109,8 94,2
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 9 329 876,3 105,3 106,9 5,8
    Өнімдерге салынатын салықтар 9 903 977,6 105,5 107,7 6,2
    Өнімдерге берілген субсидиялар 574 101,3 109,3 122,9 0,4

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 36,6% және 57,6% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,6% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ға өсті.

    Көлік және жинақтау (20,2%), Құрылыс (15,9%), Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу (9,3%), Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (9%), Өңдеу өнеркәсібі (6,7%) салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%).

    2021 жылғы II-тоқсаннан бастап экономиканың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) жан басына шаққандағы ЖІӨ 15005,4 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кесте:
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    2025 жылғы қаңтар–желтоқсан бойынша деректер 2025 жылғы 21 тамыздағы Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістерді және 2025 жылғы 29 тамыздағы Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесін ескере отырып, алдын ала деректер негізінде есептелді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, Д.К.Ибраева,
    Ж.З.Ботабаева
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail: z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    zh.botabayeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс