Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    159 583 750,7 млн. теңге
    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (алдын ала деректер бойынша) 159583750,7 млн.теңгені құрады.
    6,5%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ға өсті.
    11,6%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Астана қаласында (11,6%), Шымкент қаласында (11%) және Түркістан облысында (9,3%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2025 жылғы қаңтар- желтоқсанда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (23,4%), Астана қаласы (11,9%) және Атырау облысы (10,4%) алды.

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
      Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 159 583 750,7 100,0 106,5 7 826,0 х
    Абай 3 934 564,7 2,5 101,2 6 565,5 12
    Ақмола 5 332 870,9 3,3 106,6 6 763,9 11
    Ақтөбе 5 693 380,0 3,6 105,1 5 975,8 13
    Алматы 6 678 262,6 4,2 105,4 4 231,2 16
    Атырау 16 564 592,4 10,4 108,0 23 218,4 1
    Батыс Қазақстан 5 021 375,2 3,1 101,3 7 216,5 8
    Жамбыл 3 322 177,0 2,0 104,9 2 725,3 19
    Жетісу 2 450 790,8 1,5 105,8 3 546,7 18
    Қарағанды 11 043 243,9 6,9 104,6 9 750,0 5
    Қостанай 5 932 830,1 3,7 108,2 7 204,2 9
    Қызылорда 3 071 703,8 1,9 102,9 3 630,0 17
    Маңғыстау 5 620 541,6 3,5 101,9 6 917,7 10
    Павлодар 6 053 198,8 3,8 105,2 8 091,1 7
    Солтүстік Қазақстан 3 053 960,1 1,9 107,8 5 893,9 14
    Түркістан 5 055 389,5 3,2 109,3 2 349,6 20
    Ұлытау 2 986 088,7 1,9 103,7 13 562,7 3
    Шығыс Қазақстан 5 857 379,0 3,7 100,9 8 118,5 6
    Астана қаласы 18 928 077,1 11,9 111,6 11 950,0 4
    Алматы қаласы 37 279 951,5 23,4 106,9 16 068,4 2
    Шымкент қаласы 5 703 373,0 3,6 111,0 4 472,9 15

    Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша бастапқы қатарды Атырау облысы (23218,4 мың теңге), Алматы қаласы (16068,4 мың теңге), Ұлытау облысы (13562,7 мың теңге), Астана қаласы (11950,0 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (2349,6 мың теңге), Жамбыл (2725,3 мың теңге) және Жетісу (3546,7 мың теңге) облыстары алды.

    2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2025 жылғы қаңтар-желтоқсан

    ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,58 п.т.), Астана қаласы (1,28 п.т.) және Атырау облысы (0,88 п.т.) қосты. Ең аз үлес Абай (0,03 п.т.) және Шығыс Қазақстан (0,03 п.т.) облыстарында байқалады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    2025 жылғы қаңтар–желтоқсан бойынша деректер 2025 жылғы 21 тамыздағы Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесіне енгізілген өзгерістерді және 2025 жылғы 29 тамыздағы Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесін ескере отырып, алдын ала деректер негізінде есептелді.

    2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларындағы 495 ЭҚЖЖ бойынша деректер және өңірлер бойынша бөлініс құбыржол көлігі кәсіпорындары ұсынған мәліметтер негізінде, өңірлер бойынша тасымалдау көлемдері ескеріле отырып қалыптастырылған.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,Ә.Б. Қабылбекова,
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: zh.suleimenova@aspire.gov.kz,
    a.kabylbekova@aspire.gov.kz.
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс