2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (20,5%), Атырау облысы (11,6%) және Астана қаласы (11,6%) алды.
| Жалпы өңірлік өнім | |||||
| млн.теңге | өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен | нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен | жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге |
жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі | |
| Қазақстан Республикасы | 99 724 898,5 | 100,0 | 106,3 | 4 897,0 | х |
| Абай | 2 385 779,8 | 2,4 | 101,5 | 3 975,9 | 12 |
| Ақмола | 2 979 672,0 | 3,0 | 106,2 | 3 781,5 | 14 |
| Ақтөбе | 4 087 087,7 | 4,1 | 103,9 | 4 293,2 | 10 |
| Алматы | 4 677 463,0 | 4,7 | 104,5 | 2 972,7 | 15 |
| Атырау | 11 546 368,9 | 11,6 | 109,6 | 16 205,5 | 1 |
| Батыс Қазақстан | 3 505 277,1 | 3,5 | 103,6 | 5 037,3 | 6 |
| Жамбыл | 2 632 914,6 | 2,6 | 106,1 | 2 158,8 | 19 |
| Жетісу | 1 665 187,3 | 1,7 | 106,8 | 2 407,5 | 18 |
| Қарағанды | 6 494 054,5 | 6,5 | 104,1 | 5 732,4 | 5 |
| Қостанай | 3 523 341,4 | 3,5 | 108,0 | 4 276,0 | 11 |
| Қызылорда | 2 236 492,5 | 2,2 | 102,6 | 2 643,6 | 17 |
| Маңғыстау | 4 073 560,4 | 4,1 | 102,9 | 5 025,6 | 7 |
| Павлодар | 3 495 387,8 | 3,5 | 104,1 | 4 667,9 | 9 |
| Солтүстік Қазақстан | 2 028 021,9 | 2,0 | 106,2 | 3 907,0 | 13 |
| Түркістан | 3 585 857,0 | 3,6 | 110,1 | 1 667,0 | 20 |
| Ұлытау | 1 640 955,7 | 1,7 | 100,4 | 7 444,4 | 3 |
| Шығыс Қазақстан | 3 512 881,2 | 3,5 | 99,0 | 4 865,2 | 8 |
| Астана қаласы | 11 550 174,2 | 11,6 | 111,5 | 7 354,0 | 4 |
| Алматы қаласы | 20 429 769,7 | 20,5 | 106,7 | 8 826,7 | 2 |
| Шымкент қаласы | 3 674 651,8 | 3,7 | 108,5 | 2 890,9 | 16 |
Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша бастапқы қатарды Атырау облысы (16205,5 мың теңге), Алматы қаласы (8826,7 мың теңге), Ұлытау облысы (7444,4 мың теңге), Астана қаласы (7354,0 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (1667,0 мың теңге), Жамбыл (2158,8 мың теңге) және Жетісу (2407,5 мың теңге) облыстары алды.
ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,30 п.т.), Астана қаласы (1,25 п.т.) және Атырау облысы (1,11 п.т.) қосты. Ең аз үлес Шығыс Қазақстан облысында (-0,04 п.т.) байқалады.
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.
Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.
Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.
Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.
Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.