Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 982773,3 млн.теңгені немесе ЖІӨ-нің 1,3% - құрады.
Ағымдағы бағада, млн. теңге | Өткен жылға, пайызбен | Қорытындыға пайызбен | ||
нақты көлем индексі | дефлятор | |||
Түпкілікті тұтынуға шығыстар | 45 293 181,2 | 108,0 | 115,6 | 60,8 |
үй шаруашылықтарының | 35 289 707,1 | 108,1 | 116,1 | 47,4 |
мемлекеттік басқару органдарының | 9 157 349,7 | 107,7 | 113,7 | 12,3 |
жеке тауарлар мен қызмет көрсетулерге |
4 758 853,1 | 106,1 | 112,8 | 6,4 |
ұжымдық қызмет көрсетулерге | 4 398 496,6 | 109,4 | 114,6 | 5,9 |
үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың | 846 124,4 | 105,2 | 117,0 | 1,1 |
Жалпы қорланым | 23 328 272,9 | 123,4 | 118,4 | 31,3 |
негізгі капиталдың жалпы қорланымы | 19 691 745,2 | 123,6 | 117,1 | 26,4 |
материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі | 3 636 527,7 | - | 126,1 | 4,9 |
Таза экспорт | 5 942 592,9 | - | - | 7,9 |
тауарлар мен қызмет көрсету экспорты | 30 180 717,5 | 103,0 | 91,2 | 40,4 |
тауарлар мен қызмет көрсету импорты | 24 238 124,6 | 122,6 | 102,0 | 32,5 |
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім | 74 564 047,0 | 104,9 | 109,3 | 100,0 |
Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім |
75 546 820,3 | 104,9 | 111,1 | - |
Статистикалық алшақтық* | 982 773,3 | - | - | - |
2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 60,8%, жалпы қорланым – 31,3%, таза экспорт – 7,9% құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 8,1%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 7,7% өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 8,0%-ға өсуі байқалады.
Жалпы қорланым өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,4 %-ға өсуді көрсетті.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.
Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.
Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.