2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімін көрсеткен құрылыс (112,6%), сауда (110,0%) және байланыс (108,4%) салалары болды.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімін көрсеткен ауыл шаруашылығы (90,1%), өнеркәсіп (104,4%) және көлік және жинақтау (107%)салалары болды.
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда басым өңірлер бойынша ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Теріс өсім Ұлытау (93,8%), Ақтөбе (97,3%) және Қарағанды (97,4%) облыстарында ғана қалыптасты. Ал ең үлкен өсім қарқынын Жетісу облысы (115,3%), Алматы қаласы (113,5%), Атырау(111,2%), Абай (107,7%) облыстары және Астана (106,1%) көрсетті.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.