Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Атырау облысы
Хабарландырулар
11.03.2026
"Әлеуметтік қаржы" жылдық нысаны бойынша оқу-семинар өтеді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық   

     статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті   

     «Атырау облысындағы білім беру, денсаулық сақтау және халыққа 

    әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының қаржы-шаруашылық 

    қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп  (Әлеуметтік қаржы) 

    жылдық нысаны бойынша оқу-семинар өткізеді.

Статистика департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына     сәйкес, 2026 жылғы 12 наурыз сағат 11:00-де, Әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің (Әлеуметтік қаржы) «Атырау облысындағы білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» бойынша семинар-кеңес өткізіледі. Әлеуметтік қаржы бойынша есеп-нысандарын табыс ететін мекеме мамандарын аталған семинарға қатысуға шақырамыз.  

Мекен-жайы: Махамбет көшесі, 116-б, 4-қабат, акт залы, №32 кабинет.
Барлық сұрақтар бойынша Әлеуметтік және демографиялық статистикасы бөліміне  хабарласуға болады.

Бөлім басшысы: М.Құрманбаева

Тел: 8 (7122) 32-39-58