27.01.2023
Хабарлама
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша 2022 жылғы 1 қазан мен 15 қараша аралығында 10 адамды (Атырау қ. мен аудандар бойынша) үй шаруашылықтарын зерттеуге «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» статистикалық байқауы бойынша интервьюерлер қабылдайтындығын хабарлайды.
Интервьюердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім, жұмыс өтілі бойынша талаптарды ұсынусыз.
Қызметтік функциялары:
1.Статистикалық байқауларды жүргізуге дайындық
Мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, статистикалық байқауларды жүргізуді регламенттейтін, әдістемелік және нұсқамалық құжаттарды, әдіснамалық және статистикалық құралдарды зерделеу. Статистикалық байқауға жататын үй шаруашылықтарының тізімдерін нақтылау және статистикалық байқау туралы ақпараттандыру, үй шаруашылықтарының арасында насихаттау-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтау.
2.Статистикалық байқауларды жүргізу.
Бекітілген статистикалық нысандар бойынша үй шаруашылықтарына сауал салуды жүргізу. Статистикалық байқаулардың мақсаттарын түсіндіру және статистикалық нысандарды толтыру кезінде үй шаруашылықтарына консультация беру. Анықталған кемшіліктерді түзету және қосымша сұрақтар бойынша статистикалық байқаулардың материалдарын нақтылау үшін үй шаруашылықтарына қайтадан бару. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерге логикалық бақылау жүргізу. Үй шаруашылықтарынан алынған деректерді қалыптастыруға, өңдеуге дайындау.
Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар
Детальдарға мұқият болу. Нормативтілік. Көпшілдік. Ықпал ету. Ауызша және жазбаша коммуникация. Жауапкершілік. Әдептілік нормаларын ұстану. Нәтижеге бағдарлану. Клиентке бағдарлану.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға: Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 б, №33 кабинетке хабарласуға болады, анықтама телефондары: (8-7122) 32-39-58, факс: (8-7122) 32-42-95, электрондық мекенжайы:
M.Kurmanbayeva@aspire.gov.kz