Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша статистика департаменті 2024 жылғы 13 наурызда сағат 15:00-де 2-ШК (жылдық) «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» статистикалық нысанын толтыру жөнінде семинар өткізеді. Семинар Атырау облысының Статистика департаментінің мәжіліс залында өтеді. 2-ШК нысанын табыс ететін респонденттерді аталған семинарға қатысуға шақырамыз.
Мекен-жайы: Махамбет көшесі, 116-б, 4-қабат, мәжіліс залы,
№32 кабинет.
Барлық сұрақтар бойынша Құрылымдық статистика бөліміне хабарласуға болады.
Тел: 8 (7122) 32-39-62