Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    11267 адам
    2025 жылғы қантар-маусымда елге келгендер саны 11267 адамды, елден кеткендер саны 3518 адамды құрады. Көші-қон айырымы 7749 адамды құрады;
    21%
    2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 21%-ға азайды, Қазақстаннан кеткендер саны 49,5%-ға азайды;
    82,2%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82,2%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 73,9% құрады.

    2024 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 20,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (36821 адам), Алматы (16934 адам), Шымкент (10838 адам) қалаларында және Алматы обласында (5500 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы;

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келгенадамдар саны;

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны;

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Ағымдағы статистикалық есепте шартты түрде келгендер мен кеткендердің саны жазылады, алайда мұнда келу және кету сандары туралы айтылып отыр.

    Көші-қонның негізгі көрсеткіштері:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон.

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Д. Атақұлов
    Тел. +7 7172 749805
    E-mail: d.atakulov@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші