Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    29 282 адам
    2024 жылғы елге келгендер саны 29282 адамды, елден кеткендер саны 12732 адамды құрады. Көші-қон айырымы 16550 адамды құрады;
    15,3%
    2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 20,9%-ға азайды;
    81,6%
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 81,6%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 74,8% құрады.
    Электрондық кестелер

    2023 жылымен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 47,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (73238 адам), Алматы (36061 адам), Шымкент (9361 адам) қалаларында және Алматы обласында (2639 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы;

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келгенадамдар саны;

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны;

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Ағымдағы статистикалық есепте шартты түрде келгендер мен кеткендердің саны жазылады, алайда мұнда келу және кету сандары туралы айтылып отыр.

    Көші-қонның негізгі көрсеткіштері:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон.

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.

    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    К. Рысбаев
    Тел. +7 7172 749343
    E-mail: [email protected]
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші