2023 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (52853 адам), Алматы (26157 адам), Шымкент (5948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.
Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы;
Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келгенадамдар саны;
Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны;
Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.
Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.
Ағымдағы статистикалық есепте шартты түрде келгендер мен кеткендердің саны жазылады, алайда мұнда келу және кету сандары туралы айтылып отыр.
Көші-қонның негізгі көрсеткіштері:
келгендер саны (келу);
кеткендер саны (кету);
көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон.
Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.