Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    14 256 адамды
    2024 жылғы қантар-маусымда елге келгендер саны 14256 адамды, елден кеткендер саны 6967 адамды құрады. Көші-қон айырымы 7289 адамды құрады
    4,4%
    2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 4,4%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4%-ға азайды
    Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 78,2%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 77% құрады

    2023 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 1,7 есеге өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (29305 адам), Алматы (15750 адам), Шымкент (4562 адам) қалаларында және Алматы обласында (1258 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

    Глоссарий

    Халықтың көші-қоны – тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Келгендер саны – есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіпкелген адамдар саны.

    Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.

    Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болсаөңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.

    Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады:
    келгендер саны (келу);
    кеткендер саны (кету);
    көші-қон өсімі (немесе кемуі), көші-қон сальдосы, таза көші-қон.

    Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезеңдегі халықтың жиынтығында тұрғылықты жерінің өзгеру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көші-қон қарқындылығының жалпы жылдық коэффициенттері көбінесе 1000 тұрғынға шаққанда қолданылады.


    Шығаруға жауапты:
    Халық статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н. Ханжігітов
    Тел. +7 7172 749061
    Орындаушы:
    Б. Тиштенова
    Тел. +7 7172 749540
    E-mail: be.tishtenova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қ.
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер үй, 4 кіреберіс
    Онлайн кеңесші