Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    64,1%,
    2026 жылғы I тоқсанда жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 64,1%, жұмыс күшінің санына шаққанда 95,5% құрады. Жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,5%-ды құрады.
    8,8 мың бірлік
    2026 жылдың наурыз айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде жұмыспен қамту бойынша барлығы 8,8 мың бірлік іс-шаралар көрсетілді, 4,7 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 1,1 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. 2025 жылдың 4-тоқсанында міндетті зейнетақы жарналары бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 5 559 мың адамды құрады.
    Еңбек нарығындағы жағдай

    Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,3 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 77,6%) жалдамалы жұмыспен, 2,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 22,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.

    2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 103,1 мың адамға, жалдамалы қызметкерлердің есебінен 149,5 мың адамға өсті.

    Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,6%) және ауыл шаруашылығы (10,2%) салаларында байқалды.

    Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 41 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 36 сағатты құрады.

    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
    2026 жылғы I тоқсан
    Электрондық кесте
    Еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы
    Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері
    пайызбен
    Жұмыс күші, адам Жұмыспен қамтылған халық, адам Соның ішінде Жұмыссыз халық, адам Жұмыссыздық деңгейі , пайызбен

    Жастар (15-34 жаста) жұмыссыздығы деңгейі, пайызбен

    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар, адам
    жалдамалы қызметкерлер өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлер
    2025
    I тоқсан 9 735 019 9 283 504 7 140 979 2 142 525 451 515 4,6 3,1 4 669 631
    II тоқсан 9 749 205 9 300 414 7 139 335 2 161 079 448 791 4,6 3,1 4 649 060
    III тоқсан 9 778 691 9 330 135 7 155 420 2 174 715 448 556 4,6 3,0 4 622 116
    IV тоқсан 9 724 603 9 278 903 7 142 074 2 136 829 445 700 4,6 3,1 4 629 548
    2026
    I тоқсан 9 838 074 9 392 025 7 290 446 2 101 579 446 049 4,5 3,0 4 807 200
    Динамикалық кестелер
    Глоссарий

    Жұмыс күші – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық.

    Жұмыспен қамтылған адам – ақы үшін немесе мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру және сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы кіріс алу жолымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

    Жұмыспен қамтылған адамдарға мыналар жатады:

    1) жалдамалы жұмыскерлер, сондай-ақ ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) адамдар;

    2) дара кәсіпкерлер;

    3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

    4) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлерге жатпайтын жеке тұлғалар;

    5) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;

    6) тәуелсіз жұмыскерлер;

    7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүргендер.

    Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.

    Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.

    15-34 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-34 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.

    Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.

    Әдістемелік түсініктемелер

    Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша іріктемелі зерттеуі жүргізіліп келеді. Зерттеумен қорытындыларын халықтың барлық санына таратумен байқаудың іріктеме әдісінің негізінде республиканың барлық өңірлері қамтылады. 15 және одан жоғары жастағы адамдар байқау бірліктері болып табылады.

    Ұсынылған көрсеткіштер кеңейтілген желі бойынша үй шаруашылығын (үй шаруашылықтарының жалпы санының 3,4%-і) іріктемелі зерттеуі қорытындысы негізінде қалыптастырылады, іріктеме жылына бір рет қалыптастырылады. Үй шаруашылықтарының тізімі Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қоры тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Іріктемені қалыптастыру әдіснамасы Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін нйғайту бойынша ҚАЗСТАТ Жобасы шеңберінде Германияның Дестатис статистикалық офисінің сарапшыларымен бірлесе әзірленді.

    Халық пікіртерімі үй шаруашылығында әрбір мүшені сипаттайтын сұрақтан тұратын, халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеме зерттеу сауалдамасының көмегімен жүргізіледі. Сауалдама негізінде халық жұмыс күші немесе жұмыссыз және жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар бойынша жіктелетін сұрақтардың логикалық жүйелілік қағидатымен құрылады.

    Ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексіне сәйкес, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік тәсілдеріне негізделген.

    Шығаруға жауапты:
    Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
    Департамент директоры:
    Н.Белоносова
    Тел. +7 7172 749022
    Орындаушы:
    Г. Бекішева
    Тел. +7 7172 749504
    E-mail:gul.bekisheva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000 , Астана
    Мәңгілік ел даңғылы , 8
    Министрліктер үйі, 4-кіреберіс