Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    34 102 358,1 млн. теңге
    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер бойынша) 34102358,1 млн.теңгені құрады.
    3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3%-ға өсті.
    12,9%
    Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Солтүстік Қазақстан облысында (12,9%), Жамбыл облысында (11,7%) және Ұлытау облысында (11,4%) байқалды.
    Өңірлер бөлінісіндегі ЖІӨ құрылымы

    2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ құрылымындағы ең жоғарғы үлесті Алматы қаласы (22,1%), Астана қаласы (12,5%) және Атырау облысы (9,3%) алды.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жалпы ішкі өнім (ЖӨӨ)
      Жалпы өңірлік өнім
    млн.теңге өңірлердің ЖІӨ-дегі үлес салмағы, пайызбен нақты көлем индексі өткен жылға тиісті кезеңге, пайызбен жан басына шаққандағы ЖӨӨ,
    мың теңге
    жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орналасу тәртібі
    Қазақстан Республикасы 34 102 358,1 100,0 103,0 1 661,6 х
    Абай 889 702,4 2,6 103,7 1 495,2 9
    Ақмола 986 539,6 2,9 94,7 1 248,3 13
    Ақтөбе 1 335 679,8 3,9 106,3 1 396,5 12
    Алматы 1 619 025,6 4,7 106,8 1 011,0 16
    Атырау 3 171 217,3 9,3 87,9 4 424,7 1
    Батыс Қазақстан 1 188 658,2 3,5 91,9 1 709,3 8
    Жамбыл 763 998,1 2,2 111,7 628,8 19
    Жетісу 488 004,7 1,4 104,2 710,3 18
    Қарағанды 2 340 127,6 6,9 104,4 2 068,6 5
    Қостанай 1 167 700,4 3,4 102,8 1 422,2 10
    Қызылорда 631 395,7 1,9 105,0 746,0 17
    Маңғыстау 1 158 468,4 3,4 102,9 1 410,3 11
    Павлодар 1 438 391,3 4,2 107,9 1 931,5 6
    Солтүстік Қазақстан 615 671,2 1,8 112,9 1 198,8 14
    Түркістан 1 129 960,4 3,3 109,6 526,1 20
    Ұлытау 675 942,1 2,0 111,4 3 090,2 3
    Шығыс Қазақстан 1 359 032,1 4,0 96,6 1 892,0 7
    Астана қаласы 4 248 346,0 12,5 108,9 2 573,3 4
    Алматы қаласы 7 542 659,2 22,1 104,6 3 204,8 2
    Шымкент қаласы 1 351 838,0 4,0 108,9 1 041,1 15

    Жан басына шаққандағы Жалпы өңірлік өнім бойынша бастапқы қатарды Атырау облысы (4424,7 мың теңге), Алматы қаласы (3204,8 мың теңге), Ұлытау облысы (3090,2 мың теңге), Астана қаласы (2573,3 мың теңге) алды, ал соңғы қатарларды Түркістан (526,1 мың теңге), Жамбыл (628,8 мың теңге) және Жетісу (710,3 мың теңге) облыстары алды.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өңірлер бөлінісіндегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы ЖӨӨ)
    мың. теңге
    2026 жылғы қаңтар-наурыз

    ЖІӨ-нің өсуіне ең үлкен үлесті Алматы қаласы (1,05 п.т.), Астана қаласы (1,02 п.т.) және Түркістан облысы (0,33 п.т.) қосты. Ең аз үлес Атырау (-1,33 п.т.), Батыс Қазақстан (-0,34 п.т.), Ақмола (-0,15 п.т.) және Шығыс Қазақстан облыстарында (-0,13 п.т.) байқалады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде және нарықтық бағамен есептелетін жекелеген өңірдің резидент-өндіруші бірліктерінің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

    Жалпы қосылған құн – экономиканың жекеленген өндірушілері, салалары немесе секторлары енгізген ЖІӨ-ге қосатын үлестің көрсеткіші ретінде қызмет ететін аралық тұтыну құнын шегергендегі жалпы өнімнің құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны.

    Қосқан үлесі – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынатын салықтарға мөлшері өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет құнына тікелей байланысты салықтар жатады.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Жалпы өңірлік өнім – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы Жалпы ішкі өнімге тең болуы тиіс.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Г.О. Төребеков
    (департамент директорының орынбасары)
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    Ж.Қ.Сүлейменова,Ә.Б. Қабылбекова,
    Тел. +7 7172 74 95 37
    E-mail: zh.suleimenova@aspire.gov.kz,
    a.kabylbekova@aspire.gov.kz.
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс