Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    34 102 358,1 млн.
    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі (есепті деректер) 34102358,1 млн.теңгені құрады.
    3%
    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3%-ға өсті.
    68 515,8 млн.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орташа жылдық доллар бағамы бойынша есептелген ЖІӨ 68515,8 млн. АҚШ долларын құрады.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тауарларды, қызметтерді өндіру және өнімдерге салынатын таза салықтар бойынша нақты өсім 2,2%, 3,6% және 2,3% құрады.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өндіріс әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағаларда, млн.теңге Өткен жылғы тиісті кезеңге, пайызбен Қорытындыға пайызбен
    НКИ дефлятор
    Жалпы ішкі өнім 34 102 358,1 103,0 108,7 100,0
    Тауарлар өндіру 12 210 781,2 102,2 111,9 35,7
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 690 543,7 103,2 113,8 2,0
    Өнеркәсіп 9 753 318,3 100,0 113,2 28,5
    Тау-кен өндіру өнер кәсібі және карьерлерді қазу 3 587 020,8 88,5 109,1 10,6
    Өңдеу өнеркәсібі 5 393 230,9 108,7 116,2 15,6
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ысты қсумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 673 681,5 106,9 115,4 2,0
    Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 99 385,1 116,2 98,6 0,3
    Құрылыс 1 766 919,2 114,8 104,6 5,2
    Қызметтер өндіру 19 224 936,3 103,6 104,4 56,5
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 5 755 231,1 104,8 109,0 16,9
    Көлік және жинақтау 2 351 838,3 112,5 104,8 6,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 301 767,1 100,8 113,9 0,9
    Ақпарат және байланыс 656 475,0 106,0 105,2 1,9
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1 365 394,6 101,9 100,5 4,0
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 3 184 072,5 101,0 114,0 9,3
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 290 363,8 100,7 96,4 3,9
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 723 472,1 99,8 115,3 2,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 689 319,6 102,1 101,4 2,0
    Білім беру 1 190 088,6 102,0 92,2 3,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 429 965,2 101,0 52,3 1,2
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 412 552,7 97,7 123,2 1,2
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 846 648,9 101,0 114,1 2,5
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 27 746,8 101,0 121,3 0,1
    Жалпы қосылған құн 31 435 717,5 103,1 107,2 92,2
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 2 666 640,6 102,3 130,0 7,8

    Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2026 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 35,7% және 56,5% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 28,5% алып отыр.

    ЖІӨ нақты өсімі

    ЖІӨ өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты мәнде 3%-ға өсті. Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет (16,2%), Құрылыс (14,8%), Көлік және жинақтау (12,5%), Өңдеу өнеркәсібі (8,7%), Ақпарат және байланыс (6%), салалары ең көп өсімді көрсетті.

    Жан басына шаққандағы ЖІӨ

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы (есепті деректер) жан басына шаққандағы ЖІӨ 3338,3 АҚШ долларын құрады.

    Динамикалық кестелер:
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Жалпы шығарылым – есепті кезеңде ұлттық экономиканың резидент-бірліктерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын білдіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару.

    Аралық тұтыну – өндіріс процесінде трансформацияланатын немесе толық тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны.

    Дефлятор – белгілі бір кезеңдегі экономикадағы бағаның орташа өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Өнімдерге салынған салықтар мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім экономикалық қызмет түрлері бойынша жалпы қосылған құнның сомасын көрсетеді, ол өнімдерге және импортқа салынатын таза салықтар шамасына көбейтіледі. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді.

    Пайдалы сілтемелер

    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Накипбеков А.Е.
    Тел. +7 7172 74 97 17
    Орындаушы:
    З.А. Жүнісова, Д.К.Ибраева,
    Тел. +7 7172 74 93 02
    E-mail:
    z.shigambaeva@aspire.gov.kz
    d.ibraeva@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс