2026 жылғы қаңтар-мамырда 2025 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (113,4%), көлік және қоймалау (108,4%) және сауда (105,6%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (102,5%), ауыл шаруашылығы (103,6%) және байланыс (103,7%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-мамырда 2025 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Түркістан (123,3%), Ұлытау (118,7%) және Солтүстік Қазақстан (116,5%) облыстарында байқалады. Теріс өсім қарқыны Батыс Қазақстан (92,1%), Атырау (92,5%), Ақмола (96,4%) және Шығыс Қазақстан (98,2%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.