Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
    Түйінді тұстар
    34 102 358,1 млн.
    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы өндірілген Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі есептік деректер бойынша 34102358,1 млн. теңгені құрады.
    27,6%
    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ құрылымында еңбекақы төлеу 27,6% құрады, өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар – 9,8% және негізгі үлес жалпы пайда/жалпы аралас табысқа келеді – 62,6%.
    Экономика салалары бойынша ЖІӨ

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы төлеу құрылымында ең көп үлесті «Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу» (18,07%), «Өңдеу өнеркәсібі» (12,83%), «Білім беру» (11,62%), құрайды.

    Еңбекақы төлеу құрылымындағы ең аз үлесті «Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі; өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі» (0,30%), «Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет» (0,53%) және «Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету» (1,04%) құрды.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы табыстар әдісімен ЖІӨ*
    Ағымдағы бағамен, млн. теңге Қорытындыға пайызбен
    Жалпы ішкі өнім 34 102 358,1 100,0
    Еңбек ақы төлеу 9 399 261,7 27,6
    Өндіріске және импортқа салынатын таза салықтар 3 343 768,9 9,8
    соның ішінде:
    өнімдерге салынатын салықтар 2 666 640,6 7,8
    өндіріске салынатын басқа да салықтар 677 128,3 2,0
    Жалпы пайда/жалпы аралас табыс 21 359 327,5 62,6
    негізгі капиталды тұтыну (-) 3 286 580,2 9,6
    таза пайда/таза араластабыс 18 072 747,3 53,0

    * Табыс көздері бойынша ЖІӨ-ні есептеу үшін баланстық әдіс қолданылады.

    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы экономикалық қызмет түрлері бойынша табыстардың құралуы
    млн теңге
    Жалпы қосылған
    құн
    Оның ішінде
    еңбекақы төлеу өндіріске салынған басқа да таза салықтар жалпы пайда/ жалпы аралас табыс
    Тауарлар өндіру 12 210 781,2 2 987 676,0 330 057,6 8 893 047,6
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 690 543,7 209 536,1 4 844,3 476 163,3
    Өнеркәсіп 9 753 318,3 2 080 397,4 287 868,2 7 385 052,7
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 3 587 020,8 631 754,3 150 056,3 2 805 210,2
    Өңдеу өнеркәсібі 5 393 230,9 1 205 638,6 94 011,7 4 093 580,6
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 673 681,5 193 564,9 35 095,6 445 021,0
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 99 385,1 49 439,6 8 704,6 41 240,9
    Құрылыс 1 766 919,2 697 742,5 37 345,1 1 031 831,6
    Қызметтер өндіру 19 224 936,3 6 411 585,7 347 070,7 12 466 279,9
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобиль-дерді және мотоциклдерді жөндеу 5 755 231,1 1 698 506,8 55 963,3 4 000 761,0
    Көлік және жинақтау 2 351 838,3 801 742,3 69 416,3 1 480 679,7
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 301 767,1 97 350,9 8 125,9 196 290,3
    Ақпарат және байланыс 656 475,0 303 658,9 20 868,9 331 947,2
    Қаржы және сақтандыру қызметі 1 365 394,6 325 862,7 24 210,8 1 015 321,1
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 3 184 072,5 158 930,7 20 851,2 3 004 290,6
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 1 290 363,8 337 667,9 22 733,1 929 962,8
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 723 472,1 332 162,0 20 744,0 370 566,1
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 689 319,6 508 752,7 13 646,9 166 920,0
    Білім беру 1 190 088,6 1 092 046,9 55 364,9 42 676,8
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 429 965,2 278 927,3 20 157,4 130 880,5
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 412 552,7 238 629,1 6 894,3 167 029,3
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 846 648,9 209 600,7 8 093,7 628 954,5
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 27 746,8 27 746,8 0,0 0,0
    Салалар бойынша қорытынды 31 435 717,5 9 399 261,7 677 128,3 21 359 327,5
    Өнімдерге салынатын таза салықтар 2 666 640,6
    Жалпы ішкі өнім 34 102 358,1
    2026 жылғы қаңтар-наурыздағы экономикалық қызмет түрлері бойынша бастапқы табыстардың салалық құрылымы
    пайызбен
    Жалпы қосылған құн Оның ішінде:
    еңбекақы төлеу өндіріске салынған басқа да таза салықтар жалпы пайда/ жалпы аралас табыс
    Тауарлар өндіру 100,0 24,5 2,7 72,8
    Ауыл, орман және балық шаруашылығы 100,0 30,3 0,7 69,0
    Өнеркәсіп 100,0 21,3 3,0 75,7
    Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 100,0 17,6 4,2 78,2
    Өңдеу өнеркәсібі 100,0 22,4 1,7 75,9
    Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 100,0 28,7 5,2 66,1
    Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 100,0 49,7 8,8 41,5
    Құрылыс 100,0 39,5 2,1 58,4
    Қызметтер өндіру 100,0 33,4 1,8 64,8
    Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобиль-дерді және мотоциклдерді жөндеу 100,0 29,5 1,0 69,5
    Көлік және жинақтау 100,0 34,1 3,0 62,9
    Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 100,0 32,3 2,7 65,0
    Ақпарат және байланыс 100,0 46,3 3,2 50,5
    Қаржы және сақтандыру қызметі 100,0 23,9 1,8 74,3
    Жылжымайтын мүлікпен операциялар 100,0 5,0 0,7 94,3
    Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 100,0 26,2 1,8 72,0
    Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 100,0 45,9 2,9 51,2
    Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 100,0 73,8 2,0 24,2
    Білім беру 100,0 91,8 4,7 3,5
    Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету 100,0 64,9 4,7 30,4
    Өнер, ойын-сауық және демалыс 100,0 57,8 1,7 40,5
    Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну 100,0 24,8 1,0 74,2
    Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі, өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі 100,0 100,0 0,0 0,0
    Салалар бойынша қорытынды 100,0 29,9 2,2 67,9
    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Жалпы қосылған құн – аралық тұтыну құнын шегергендегі жекелеген өндірушілер, салалар немесе экономика секторлары енгізген ЖІӨ-ге салымның көрсеткіші болып табылатын жалпы шығарылым құны.

    Қызметкерлерге еңбекақы төлеу - жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың есепті кезеңде орындаған жұмысына ақшалай жəне/немесе заттай нысанда төлеген барлық сыйақыларының сомасы.

    Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді.

    Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтардан басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өндіру факторларын пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтардан тұрады. Мұндай салықтардың мөлшері өндірістің көлемі мен рентабельділігіне тікелей байланысты емес.

    Негізгі капиталды тұтыну есепті кезең ішінде оның физикалық және моральдық тозуы мен кездейсоқ бүлінуінің нәтижесінде негізгі капитал құнының азаюын көрсетеді.

    Экономиканың жалпы (таза) пайдасы қосылған құнның қызметкерлер еңбекақысын төлеуге және өндіріске салынатын салықтарды төлеуге байланысты шығыстарды шегергеннен кейін өндірушілерде қалатын бөлігі. «Жалпы» немесе «таза» термині бұл жағдайда осы көрсеткіш өндіріс процесінде негізгі капиталды тұтынуды қосатынын немесе қоспайтынын көрсетеді.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Табыстар әдісімен алынатын Жалпы ішкі өнім оның құрылымын бастапқы табыстар: жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы, өндіріс және импортқа салынатын таза салықтар, пайда және аралас табыс негізінде анықтайды.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    Ә.Е.Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    И. Баймұратова,
    А. Ермағамбетова
    Тел. +7 7172 74 97 92
    E-mail: in.baimuratova@aspire.gov.kz a.ermagambetova@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі, 4-кіреберіс