2026 жылғы қаңтар-наурызда 2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі құрылыс (114,8%), көлік және қоймалау (112,8%) және сауда (104,8%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі өнеркәсіп (99,3%), ауыл шаруашылығы (103,4%) және байланыс (103,9%) салаларында қалыптасты.
2026 жылғы қаңтар-наурызда 2025 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Солтүстік Қазақстан (125%), Түркістан (119,4%) және Жамбыл (118,4%) облыстарында байқалады. Теріс өсім қарқыны Атырау (82,2%), Батыс Қазақстан (88,5%), Ақмола (91,9%) және Шығыс Қазақстан (93%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.