Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    Түйінді тұстар
    133 157 833,5 млн. теңге
    2024 жылғы жалпы ішкі өнім көлемі түпкілікті тұтыну әдісімен 133157833,5 млн. теңгені құрады.
    5%
    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖІӨ нақты мәнде 5%-ға өсті.
    136 693 318,3 млн. теңге
    2024 жылғы ЖІӨ өндіріс әдісімен 136693318,3 млн. теңгені құрады.
    3 535 484,8 млн. теңге
    Өндіріс және түпкілікті тұтыну әдістерімен ЖІӨ арасындағы статистикалық алшақтық 3535484,8 млн. теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрады.
    Тұтыну компоненттері бойынша ЖІӨ
    2024 жылғы түпкілікті тұтыну әдісімен ЖІӨ
      Ағымдағы бағада,
    млн. теңге

    Өткен жылға, пайызбен

    Қорытындыға пайызбен

    нақты көлем индексі дефлятор
    Түпкілікті тұтынуға шығыстар 88 245 450,3 107,9 108,8 66,3
    үй шаруашылықтарының 73 171 015,4 109,6 108,8 55,0
    мемлекеттік басқару органдарының 14 749 597,0 101,0 108,7 11,1
    жеке тауарлар мен қызметкөрсетулерге 7 887 979,5 101,6 111,1 5,9
    ұжымдық қызмет көрсетулерге 6 861 617,5 100,3 106,1 5,2
    үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың 324 837,9 81,8 106,6 0,2
    Жалпы қорланым 37 457 431,1 105,4 105,7 28,1
    негізгі капиталдың жалпы қорланымы 33 469 209,9 106,5 105,5 25,1
    материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі 3 918 307,7 - 106,1 2,9
    шығарылуын шегергендегі құндылықтарды сатып алу 69 913,5 - - 0,1
    Таза экспорт 7 454 952,1 - - 5,6
    тауарлар мен қызмет көрсету экспорты 42 644 271,2 100,0 102,6 32,0
    тауарлар мен қызмет көрсету импорты 35 189 319,1 105,8 100,2 26,4
    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 133 157 833,5 105,0 108,3 100,0
    Өндіріс әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім 136 693 318,3 105,0 109,0 -
    Статистикалық алшақтық* 3 535 484,8 - 0,7 -

    *Статистикалық алшақтық - бұл өндіріс әдісімен және түпкілікті пайдалану әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім арасындағы айырмашылық.

    2024 жылғы ЖІӨ құрылымында түпкілікті тұтыну компоненттері бойынша шығыстардың үлесі 66,3%, жалпы қорланым – 28,1%, таза экспорт – 5,6% құрады.

    Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй шаруашылықтарының түпкілікті тұтыну шығыстарының 9,6%-ға және мемлекеттік басқару органдарының шығыстарының 1%-ға өсуі есебінен түпкілікті тұтыну шығыстарының компоненті нақты мәнде 7,9%-ға өсуі байқалады.

    Негізгі капиталдың жалпы қорланымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 6,5%-ды құрады.

    Глоссарий

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын Ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі.

    Салым – көрсеткіш бойынша пайыздық өзгерістің ЖІӨ-нің жалпы мәніне әсер ету шамасы.

    Түпкілікті тұтыну – жекелеген үй шаруашылықтары немесе жалпы қоғам олардың жеке немесе ұжымдық қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру үшін толығымен пайдаланған тауарлар мен қызметтерді тұтыну.

    Жалпы қорланым – негізгі капиталдың жалпы қорланымының, материалдық айналым құралдары қорлары өзгеруінің және олардың шығуын шегергендегі құндылықтарды сатып алудың жалпы құны.

    Әдіснамалық түсіндірмелер

    Түпкілікті тұтыну әдісімен есептелген жалпы ішкі өнім барлық экономикалық секторлардың түпкілікті тұтынуға, жалпы қорланымға және таза экспортқа жұмсаған шығыстардың сомасы болып табылады.


    Шығаруға жауапты:
    Ұлттық шоттар департаменті
    Департамент директоры:
    А.Е. Нақыпбеков
    Тел. +7 7172 74 9717
    Орындаушы:
    А.С. Исабекова
    М.Б. Әкімбек
    Тел. +7 7172 74 96 76
    E-mail: aig.isabekova@aspire.gov.kz
    m.akimbek@aspire.gov.kz
    Мекенжай:
    010000, Астана қаласы
    Мәңгілік ел даңғылы, 8
    Министрліктер Үйі,
    4-кіреберіс
    Онлайн кеңесші