2025 жылғы қаңтар-қазанда 2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда нақты көлем индексінің ең үлкен өсімі көлік және қоймалау (120,7%), құрылыс (115,1%), сауда (109%) және өнеркәсіп (107,3%) салаларында байқалады.
Нақты көлем индексінің ең аз өсімі байланыс (104%) және ауыл шаруашылығы (105,4%) салаларында қалыптасты.
2025 жылғы қаңтар-қазанда 2024 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда көптеген өңірлерде ҚМИ-дың оң өсім қарқыны байқалады. Ең үлкен өсім қарқыны Астана қаласында (119,7%), Түркістан облысында (114,8%), Шымкент қаласында (114,8%) және Атырау облысында (114,7%) байқалады. Теріс өсім Шығыс Қазақстан (99,1%) және Ұлытау (99,7%) облыстарында қалыптасты.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.