03.06.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы техникалық себептерге байланысты келесі электрондық кестелерді жариялау мерзімінің ауыстырылғанын хабарлайды: «Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің саны мен жалақысы»; «Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің қозғалысы және жалдамалы қызметкерлердің күнтізбелік уақыт қорын пайдалануы»; «Қазақстан Республикасында жұмыс күшін ұстау шығындарының құны»; «Қазақстан Республикасындағы меншік нысандары бойынша қызметкерлердің саны және еңбекақысы». Аталған электрондық кестелер 2026 жылдың 19 маусымында жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
01.06.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы 2026 жылғы 17 сәуірде «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15808609) орналасқандығын хабарлаймыз.
26.05.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы туралы ақпарат бар екенін 2026 жылғы 21 мамыр «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15825921) орналастырылған хабарлаймыз.
26.05.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының «Білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 18 қазандағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасы туралы ақпарат бар екенін 2026 жылғы 21 мамыр «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15825892) орналастырылған хабарлаймыз.
22.05.2026
Сіздердің көптеген ұсыныстарыңыз бойынша «Респондент кабинетінде» статистикалық нысандарда деректерді енгізу бетінің дизайнын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жаңарту аясында келесі өзгерістер енгізілді:
- есептің неғұрлым ықшам әрі ыңғайлы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін компоненттер мен басқару элементтерінің өлшемі кішірейтілді;
- кестедегі бағандардың енін өз бетінше өзгерту мүмкіндігі қосылды. (Ол үшін кесте тақырыбының ең төменгі жолындағы баған шекарасына курсорды апарып, оны қажетті бағытқа жылжыту қажет)
Сіздердің кері байланыстарыңызды жоғары бағалаймыз және статистикалық нысандардың деректерін енгізу процесін одан әрі ыңғайлы әрі тиімді етуге көмектесетін ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрқашан ризамыз.
Ынтымақтастықтарыңыз бен «Респондент кабинетін» дамытуға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
24.04.2026
2026 жылғы 25 сәуірден сағат 09:00-ден 2026 жылғы 26 сәуір сағат 18:00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
24.04.2026
Бүгінгі күнге дейін заңды тұлғалар үшін «Респондент кабинетінде» есептерге қол қою мүмкіндігі заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы қолжетімді болды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №1187 бұйрығымен бекітілген «Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларының» 2-тарауы 6-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, бұдан былай есепке қол қою кезінде заңды тұлғаның қол қою құқығының бар-жоғына қосымша тексеру жүргізілетін болады.
Жүйеде дұрыс әрі үздіксіз жұмыс істеу үшін тиісті өкілеттіктері бар жарамды ЭЦҚ-ның бар екеніне алдын ала көз жеткізулеріңізді сұраймыз.
Заңды тұлғалар үшін қол қою құқығы бар ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығына (ҰКО) жүгіну қажет.
Қол қою құқығын тексеру үшін pki.gov.kz сайтында «Сервистер» → «Кілтті тексеру» бөліміне өтіп, «Кілтті кеңейтілген пайдалану» тармағын қарау қажет.
Егер «Ұйым қызметкері» деп көрсетілсе — бұл қол қою құқығы жоқ кілт.
Егер «Бірінші басшы» немесе «Қол қою құқығы бар ұйым қызметкері» деп көрсетілсе — бұл қол қою құқығы бар кілт.
Жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін есептерге қол қою тәртібі өзгеріссіз қалатынын және бұрынғы режимде жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
09.04.2026
Хабарлама жіберу жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты олардың жеткізілуінде іркілістер байқалуда.
Қазіргі уақытта хабарламалар кешіктіріліп және үлкен көлемде келуі мүмкін. Ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі хабарландыру шыққанға дейін келіп түскен хабарламаларға назар аудармауыңызды сұраймыз.
Хабарламалардың қалыпты режимде жіберілуі ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап жоспарланған.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
06.04.2026
stat.gov.kz сайтында "Онлайн кеңесшінің" орнына тест режимінде “AI Stat” виртуалды ЖИ көмекшісі жұмыс істей бастады.
Ол Ұлттық статистика бюросының қызмет бағыттары бойынша кеңес береді, статистикалық ақпаратты іздеуге, статистикалық нысандарды толтыруға көмектеседі, БСН бойынша тапсыруға нысандардың тізбесін ұсынады, сайт бойынша техникалық қолдау көрсетеді және 1446 байланыс орталығына өтініштерді жіберуге мүмкіндік береді.
AI Stat тест режимінде жұмыс істеп жатыр, сіздің сұрақтарыңыз виртуалды көмекшінің жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сұрақтарыңызды қойып, нақты уақыт режимінде жауап алыңыз!
31.03.2026
2-қызмет көрсету (жылдық), 2-қызмет көрсету (IT) (жылдық), 1-лизинг (жылдық) статистикалық нысанлары бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 31 наурызға дейін қоса алғанда ұзартылды.
26.03.2026
1-КПЭ (жылдық) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 наурызға дейін қоса алғанда ұзартылды.
20.03.2026
1-ЦСМ (айлық) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 26 наурызға дейін қоса алғанда ұзартылды.
20.03.2026
2026 жылғы 21 наурыз сағат 09:00-ден 2026 жылғы 23 наурыз сағат 18:00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
16.03.2026
1-ВТ (жылдық) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 27 наурызға дейін қоса алғанда ұзартылды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
06.03.2026
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҰСБ) уәкілетті орган тұлғасында мемлекеттік монополия субъектісі – «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – АЕО РМК) іске асыратын қызметтер бағасын жоспарлы бекіту үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
23.02.2026
1-ВК (жылдық), 1- орман (жылдық), 2-аңшылық (жылдық), 1-тариф (пошта, курьер) (айлық), 1-ц (көтерме) (айлық), 1-тариф (байланыс), (айлық) статистикалық нысандары бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін қоса алғанда ұзартылды.
20.02.2026
2026 жылғы 21 ақпаннан сағат 14:00-ден 2026 жылғы 22 ақпанға сағат 18:00-ге дейін техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты сайтта және сервистердің жұмысында үзілістер болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік үшін алғыс айтамыз!
12.02.2026
1-Т (жылдық) статистикалық нысаны бойынша есептілікті он-лайн режимінде тапсыру мерзімі 2026 жылғы 16 ақпанға дейін қоса алғанда ұзартылды.
02.02.2026
Сервистерге келіп түсетін хабарламалардың көп болуына байланысты есептерді тапсыру мәртебесін өзектендіруде аздаған кідіріс байқалуда.. Барлық тапсырылған есептердің мәртебесі жақын арада өзгеретін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
30.01.2026
Статистикалық есептерде қол қою сервисі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Беттер:
1
2
3
4
5
...
20
Келесі