Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Құрметті пайдаланушылар!
24.04.2026
Құрметті пайдаланушылар!
Бүгінгі күнге дейін заңды тұлғалар үшін «Респондент кабинетінде» есептерге қол қою мүмкіндігі заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы қолжетімді болды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №1187 бұйрығымен бекітілген «Электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларының» 2-тарауы 6-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, бұдан былай есепке қол қою кезінде заңды тұлғаның қол қою құқығының бар-жоғына қосымша тексеру жүргізілетін болады.

Жүйеде дұрыс әрі үздіксіз жұмыс істеу үшін тиісті өкілеттіктері бар жарамды ЭЦҚ-ның бар екеніне алдын ала көз жеткізулеріңізді сұраймыз.
Заңды тұлғалар үшін қол қою құқығы бар ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығына (ҰКО) жүгіну қажет.

Қол қою құқығын тексеру үшін pki.gov.kz сайтында «Сервистер» → «Кілтті тексеру» бөліміне өтіп, «Кілтті кеңейтілген пайдалану» тармағын қарау қажет.

Егер «Ұйым қызметкері» деп көрсетілсе — бұл қол қою құқығы жоқ кілт.
Егер «Бірінші басшы» немесе «Қол қою құқығы бар ұйым қызметкері» деп көрсетілсе — бұл қол қою құқығы бар кілт.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін есептерге қол қою тәртібі өзгеріссіз қалатынын және бұрынғы режимде жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Тізімге оралу