06.03.2026
Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҰСБ) уәкілетті орган тұлғасында мемлекеттік монополия субъектісі – «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – АЕО РМК) іске асыратын қызметтер бағасын жоспарлы бекіту үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қызметтер түрі:
- Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақта;
- Уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, статистика тіркелімдерін сүйемелдеу;
- Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, уәкілетті органның интернет-ресурсын сүйемелдеу;
- Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
- Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген талдамалық ақпаратты қалыптастыру;
- Ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру және өзектілендіру.
Жария тыңдаулар өткізу 2026 жылғы 27 наурызға сағат 10:00-де ҚР, Астана қ., Иманов к-сі, 13, 5-қабат, 501-офис мекенжайы бойынша жоспарланып отыр.
Байланыс телефондары және интернет-ресурстың мекенжайы:
СЖРА ҰСБ: тел. 8(7172)74-90-47, www.stat.gov.kz
АЕО РМК: тел. 8(7172)64-74-74 ішкі (1000) ,8(7172)64-74-80 ішкі (3001), www.statdata.kz
Тізімге оралу