22.05.2026
Құрметті респонденттер!
Сіздердің көптеген ұсыныстарыңыз бойынша «Респондент кабинетінде» статистикалық нысандарда деректерді енгізу бетінің дизайнын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жаңарту аясында келесі өзгерістер енгізілді:
- есептің неғұрлым ықшам әрі ыңғайлы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін компоненттер мен басқару элементтерінің өлшемі кішірейтілді;
- кестедегі бағандардың енін өз бетінше өзгерту мүмкіндігі қосылды. (Ол үшін кесте тақырыбының ең төменгі жолындағы баған шекарасына курсорды апарып, оны қажетті бағытқа жылжыту қажет)
Сіздердің кері байланыстарыңызды жоғары бағалаймыз және статистикалық нысандардың деректерін енгізу процесін одан әрі ыңғайлы әрі тиімді етуге көмектесетін ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрқашан ризамыз.
Ынтымақтастықтарыңыз бен «Респондент кабинетін» дамытуға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Тізімге оралу