22.12.2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика Бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті РММ 2026 жылғы қаңтардағы «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 сауалнамасын жүргізу үшін интервьюерлерді жалдау туралы хабарлайды (өткізу мерзімі 2026 жылғы 19 қаңтардан - 30 қаңтарға дейін), Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда өткізу бекеттерінде келушілер (резидент еместерден) сұралады.
Сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 376-04-38, 375-26-98. Мекен жайы: Абай даңғылы, 125/Жароков көшесінің қиылысы.