Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын жетілдіру және респонденттерге жүктемені төмендету мақсатында, Департамент 2027 жылға арналған статистикалық нысандарды қайта қарау бойынша 2026 жылғы 26 ақпанда сағ. 15.00-де (Абай даңғылы 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайы бойынша) респонденттермен кездесу өткізетінін хабарлайды.
Осыған орай, барлық мүдделі респонденттерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!