Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Stat Datathon

Stat Datathon конкурсы деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық, әдіснамалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін іздеу, сондай-ақ деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешім қабылдау тәжірибесін ілгерілету мақсатында өткізілетін дата-жобалар сайысы.

Қатысушылар тек ЖОО білім алушылары ғана емес, сонымен қатар data-scientists, data-analytics, экономикалық теорияны түсінетін, әлеуметтану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдар саласындағы білімі бар, сондай-ақ статистика қосымшалармен, бағдарламалау тілдерімен және BI-құралдармен жұмыс жасай алатын әлеуметтік зерттеушілер бола алады.

Конкурс барысында қатысушыларға шынайы деректер негізінде жасалған синтетикалық (жасанды) деректер ұсынылады, бұл оларға құпиялылық саясатын бұзбай, жобалау жұмыстарында микродеректерді жаппай пайдалану мүмкіндігін ашады.

Жылдық QazDatathon конкурсы data driven шешімдерді қабылдау үшін деректерді басқару және талдау мәдениетін құруға негіз салды, бұл әсіресе жас мамандар үшін маңызды.

https://datathon.stat.gov.kz/