Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
ЖОО-мен ынтымақтастық
ЖОО-мен ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҰСБ) ұлттық статистикалық жүйені жаңғырту шеңберінде талдамалық әлеуетті нығайтуға, деректермен жұмыс істеу мәдениетін дамытуға және статистикалық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырады. Негізгі бағыттардың бірі кадрлық әлеуетті дамыту және академиялық қоғамдастықпен тұрақты өзара іс-қимылды қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу, сондай-ақ саланың кәсіби тартымдылығын дәріптеу және білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдан бастап ҰСБ ЖОО-мен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуде. Ынтымақтастық туралы меморандумдар өзара іс-қимылдың құқықтық негізі болып табылады.

    Бүгінгі таңда ҰСБ Қазақстанның бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасасты, оның ішінде:
  • 1) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • 2) М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы
  • 3) «Astana IT university»
  • 4) Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • 5) С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • 6) Нархоз университеті
  • 7) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы
  • 8) КИМЭП университеті
  • 9) «Астана» халықаралық университеті
  • 10) Esil University
  • 11) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • 12) М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • 13) Сүлейман Демирел атындағы университет (SDU)
  • 14) Алматы Менеджмент университеті
  • 15) Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • 16) Maqsut Narikbayev University
    Университеттермен ынтымақтастық бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олардың ішінде:
  • - бірлескен білім беру бастамаларын әзірлеу және іске асыру;
  • - ғылыми зерттеулер үшін микродеректерге өтеусіз қол жеткізу құқығын беру;
  • - студенттердің оқу/өндірістік/диплом алдындағы практикалары мен тағылымдамаларын ұйымдастыру;
  • - білім беру бағдарламаларын күшейту арқылы білікті кадрларды даярлау;
  • - ҰСБ қызметкерлерінің білім беру процесіне дәріскер және сарапшы-практик ретінде қатысуы.

Мұндай өзара іс-қимыл ресми статистиканың академиялық білімі мен практикалық тәжірибесін біріктіруге, сондай-ақ деректерді талдау және статистика саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Осыған байланысты ҰСБ қызметінің маңызды бағыты деректермен жұмыс істеу мәдениетін дамыту және дата-сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады. Осы тұрғыда статистика, талдау және деректерді басқару бойынша онлайн курстар орналасқан Data Literacy HUB ашық білім беру платформасында Data Literacy бастамасы іске асырылуда. Серіктес университеттер білім беру бастамаларын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Негізгі серіктестердің бірі - деректерді талдау және статистика саласында айтарлықтай ғылыми-білім беру әлеуеті бар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ қолдауымен әдіснама және статистикалық көрсеткіштер және ресми деректерді практикалық қолдану бойынша оқыту бейнероликтерін шығару ұйымдастырылды.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі академиялық ортаны статистика және деректерді талдау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тарту болып табылады. Ол үшін ҰСБ басым зерттеу тақырыптарының тізімін қалыптастырды. ҰСБ қызметкерлері статистикалық деректерді пайдалану және ғылыми жарияланымдарды дайындау кезінде әдіснамалық қолдау көрсете отырып, ғылыми кеңесші ретінде әрекет етеді.

Білім беру ынтымақтастығының маңызды мысалы М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында «Статистика және заманауи экономикадағы деректерді басқару» магистрлік бағдарламасын іске қосу болып табылады. Бірлескен жоба статистика және деректерді басқару саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Бұл кадрлық әлеуетті дамыту мен нығайтудың негізгі аспектісі болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде ҰСБ 28 қызметкері білім беру гранттары бойынша білім алуда.

ҰСБ мамандарының білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан практикалық үлесі «Статистикалық индикаторлардың әдістемесі мен талдауы» қолданбалы оқу модулін әзірлеу және іске асыру болып табылады. Курс ММУ білім беру бағдарламасына бейімделген және ресми статистиканы қалыптастырудың нақты жағдайларына негізделген және басқарушылық шешімдер қабылдауда статистикалық деректерді қолдануды көрсетеді. Курсты іске асыруға салалық статистикада практикалық тәжірибесі жоғары ҰСБ қызметкерлері қатысады. Курсты оқу алғаш рет 2023 жылы басталды және қазіргі таңда сәтті жалғасуда.

Университеттермен өзара іс-қимылдың нәтижесі студенттердің халықаралық білім беру және ғылыми іс-шараларға қатысуы болып табылады. ҰСБ ұсынымы бойынша әріптес университеттердің командалары ТМД мемлекетаралық статистикалық комитеті ұйымдастыратын статистика бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үнемі жүлделі орындарға ие болады, бұл академиялық орта мен ҰСБ бірлескен жұмысының жоғары дайындығы мен тиімділігін растайды.

Бұдан басқа, ҰСБ мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін тұрақты түрде қонақ дәрістерін жүргізеді және басқа да оқу алаңдарында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсене қатысады. Бұл өзара әрекеттесу форматы ресми статистиканың практикалық тәжірибесін білім беру процесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

ҰСБ-нің университеттермен ынтымақтастығы жүйелі және ұзақ мерзімді сипатқа ие, 9лттық статистикалық жүйенің алға қойған міндеттерін дамытуға және шешуге және салада білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.