Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Qaz Datathon

«Qazdatathon» конкурсы – деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық, әдіснамалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін іздеу, сондай-ақ деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешім қабылдау тәжірибесін ілгерілету мақсатында өткізілетін дата-жобалар сайысы.

Деректер жобаларының конкурсы алғаш рет ҚР Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығымен бірлесіп ЖОО оқушылары арасында өткізілген болатын.

2023 жылы конкурс «El Umiti» корпоративтік қорымен бірлесіп өткізілді. Ұйымдастырушылар конкурс шарттарын түрлендіріп, оған тек ЖОО білім алушылары ғана емес, сонымен қатар data-scientists, data-analytics, экономикалық теорияны түсінетін, әлеуметтану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдар саласындағы білімі бар, сондай-ақ BI-қосымшалармен және бағдарламалау тілдерімен жұмыс жасай алатын әлеуметтік зерттеушілердің де қатысуына мүмкіндік берді.

Конкурс барысында қатысушыларға шынайы деректер негізінде жасалған синтетикалық (жасанды) деректер базасы ұсынылды, бұл оларға құпиялылық саясатын бұзбай, жобалау жұмыстарында микродеректерді жаппай пайдалану мүмкіндігін ашты.

Бұл іс-шара data driven шешімдерді қабылдау үшін деректерді басқару және талдау мәдениетін құруға негіз салды, бұл әсіресе жас мамандар үшін маңызды.

https://datathon.stat.gov.kz/

Онлайн кеңесші