Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 0,5%-ға өсті, нақты жалақы индексі 97,1% құрады.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 19,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 99,4% құрады.
Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | |||||
өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
2022 | ||||||
I тоқсан | 285 433 | 103,6 | 123,7 | 100,5 | 112,7 | 189 154 |
II тоқсан | 312 011 | 109,3 | 124,0 | 102,9 | 108,9 | 206 767 |
III тоқсан | 299 782 | 96,1 | 123,0 | 92,2 | 105,8 | 198 663 |
IV тоқсан | 338 715 | 113,0 | 122,9 | 107,9 | 102,8 | 224 463 |
2023 | ||||||
I тоқсан | 340 556 | 100,5 | 119,3 | 97,1 | 99,4 | 224 345 |
Өңірлік бөліністе 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Атырау облысында – 29,4%, Қостанай облысында – 23,0%, Маңғыстау облысында – 22,5%, Ұлытау облысында – 22,1% құрады. Ең төменгі өсім Батыс Қазақстан облысында – 11,9% және Алматы облысында – 13,5% байқалды.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыс саласында – 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында – 29,2%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте – 28% байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 21,7%-ға, білім беруде – 11,6%-ға өсті.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 9,7%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 9,8%.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда орташа республикалық деңгейден – 2,3 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде – 1,8 есе, ақпарат және байланыс саласында – 1,6 есе, құрылыста - тиісінше 1,4 есе болып тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | ||||
өткен тоқсанға | 2022 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2022 жылғы тиісті тоқсанға | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 340 556 | 100,5 | 119,3 | 97,1 | 99,4 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 179 388 | 86,4 | 124,5 | 83,5 | 103,8 |
Өнеркәсіп | 474 938 | 100,1 | 121,7 | 96,7 | 101,4 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 766 555 | 105,3 | 123,8 | 101,7 | 103,2 |
Өңдеу өнеркәсібі | 391 999 | 98,8 | 120,1 | 95,5 | 100,1 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 281 875 | 86,4 | 119,7 | 83,5 | 99,8 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 201 884 | 94,5 | 118,2 | 91,3 | 98,5 |
Құрылыс | 472 084 | 101,2 | 134,5 | 97,8 | 112,1 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 293 442 | 99,4 | 122,3 | 96,0 | 101,9 |
Көлік және жинақтау | 437 364 | 102,4 | 122,9 | 98,9 | 102,4 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 338 783 | 113,9 | 129,2 | 110,0 | 107,7 |
Ақпарат және байланыс | 541 218 | 110,8 | 130,3 | 107,1 | 108,6 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 602 114 | 95,9 | 115,5 | 92,7 | 96,3 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 234 366 | 102,8 | 109,8 | 99,3 | 91,5 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 468 905 | 87,7 | 112,6 | 84,7 | 93,8 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 357 796 | 110,1 | 128,0 | 106,4 | 106,7 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 290 149 | 89,8 | 121,5 | 86,8 | 101,3 |
Білім беру | 261 077 | 104,4 | 111,6 | 100,9 | 93,0 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 273 128 | 103,8 | 116,8 | 100,3 | 97,3 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 203 031 | 98,3 | 119,7 | 95,0 | 99,8 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 249 425 | 99,9 | 109,7 | 96,5 | 91,4 |
2023 жылдың I тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 52 297 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 943 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 28,3% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 31,5% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 12 054 бірлік, Астана қаласы – 6 579 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4 509 бірлік және Қарағанды облысы – 4 070 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.