Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 7,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 104,7% құрады.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 17,1%-ға өсті, нақты жалақы индексі 101,2% құрады.
Айлық жалақының орташа мәні | Нақты жалақы индексі, пайызбен | Айлық жалақының медианалық мәні (бағалау), теңге | ||||
---|---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | |||||
өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | өткен тоқсанға | өткен жылғы тиiстi тоқсанға | |||
2022 | ||||||
I тоқсан | 285 433 | 103,6 | 123,7 | 100,5 | 112,7 | 188 156 |
II тоқсан | 312 011 | 109,3 | 124,0 | 102,9 | 108,9 | 205 676 |
III тоқсан | 299 782 | 96,1 | 123,0 | 92,2 | 105,8 | 197 615 |
IV тоқсан | 338 715 | 113,0 | 122,9 | 107,9 | 102,8 | 223 279 |
2023 | ||||||
I тоқсан | 340 556 | 100,5 | 119,3 | 97,1 | 99,4 | 224 493 |
II тоқсан | 365 502 | 107,3 | 117,1 | 104,7 | 101,2 | 240 937 |
Өңірлік бөліністе 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың II тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында – 23,8%, Павлодар облысында – 21,8%, Қостанай облысында – 20,8% құрады. Ең төменгі өсім Түркістан облысында – 12,2% және Жамбыл облысында – 12,4% байқалды.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс – 36,0%, көлік және жинақтау – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8% салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 20,4%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 15,6%-ға өсті.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсуі білім беру – 10,2%, құрылыс – 11,7% салаларында байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде орташа республикалық деңгейден – 2 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,9 есе, ақпарат және байланыста – 1,5 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – тиісінше 1,3 есе жоғары болып тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақысы | Нақты жалақы индексі, пайызбен | ||||
---|---|---|---|---|---|
теңге | пайызбен | ||||
өткен тоқсанға | 2022 жылғы тиісті тоқсанға | өткен тоқсанға | 2022 жылғы тиісті тоқсанға | ||
Экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша | 365 502 | 107,3 | 117,1 | 104,7 | 101,2 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 224 889 | 125,4 | 123,7 | 122,3 | 106,9 |
Өнеркәсіп | 465 904 | 98,1 | 120,4 | 95,7 | 104,1 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 710 859 | 92,7 | 120,0 | 90,4 | 103,7 |
Өңдеу өнеркәсібі | 394 850 | 100,7 | 120,5 | 98,2 | 104,1 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 304 712 | 108,1 | 120,2 | 105,5 | 103,9 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 219 517 | 108,7 | 121,4 | 106,0 | 104,9 |
Құрылыс | 446 310 | 94,5 | 111,7 | 92,2 | 96,5 |
Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 306 345 | 104,4 | 121,8 | 101,9 | 105,3 |
Көлік және жинақтау | 451 841 | 103,3 | 124,6 | 100,8 | 107,7 |
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету | 294 049 | 86,8 | 112,7 | 84,7 | 97,4 |
Ақпарат және байланыс | 546 609 | 101,0 | 136,0 | 98,5 | 117,5 |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 712 880 | 118,4 | 121,2 | 115,5 | 104,8 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар | 243 410 | 103,9 | 115,7 | 101,4 | 100,0 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 488 928 | 104,3 | 116,0 | 101,8 | 100,3 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 351 493 | 98,2 | 116,1 | 95,8 | 100,3 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 301 097 | 103,8 | 120,9 | 101,3 | 104,5 |
Білім беру | 323 230 | 123,8 | 110,2 | 120,8 | 95,2 |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 298 249 | 109,2 | 115,6 | 106,5 | 99,9 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 214 751 | 105,8 | 118,0 | 103,2 | 102,0 |
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну | 293 162 | 117,5 | 117,6 | 114,6 | 101,6 |
2023 жылдың II тоқсанының соңында кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындарының (талап етілетін қызметкерлердің) саны 54 464 бірлікті құрады және өткен тоқсанымен салыстырғанда 2 167 бірлікке өсті. Оның ішінде салалық құрылымда 28% өнеркәсіптегі бос орындарды құрайды, 28,8% – мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті элеуметтік қамсыздандырудағы және көлік және жинақтаудағы бос орындар.
Өңірлер арасында бос орындар саны бойынша Алматы қаласы – 14 178 бірлік, Астана қаласы – 6 609 бірлік, сондай–ақ Павлодар облысы – 4 520 бірлік және Қарағанды облысы – 4 140 бірлік көшбасшы болып табылады.
Жалақы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың, атап айтқанда жалдану бойынша жұмыс істейтін адамдар табысының едәуір бөлігінің басты нысаны болып табылады. Жалақы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
ХЕҰ стандарттарына сәйкес еңбекақының негізгі төрт тобын бөліп көрсетеді:
2) біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар;
3) жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына байланысты өтемақы төлемдері;
4) Жұмыс өтелмеген уақытқа ақы төлеу.
Орташа айлық атаулы жалақысы есептелген жалақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Атаулы жалақы индексі – есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нақты жалақы индексі – есепті кезеңдегі бағаның өзгеруін ескере отырып базистік кезеңмен салыстырғанда атаулы жалақының өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Атаулы жалақы индексін тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағасының индексіне бөлу жолымен анықталады. Екі индекс те бір және сол уақыт кезеңіне жатады.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері.
Тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан, қызметкерлердің саны 100 адамнан асатын, сондай-ақ «Шағын кәсіпорын қызметі туралы» (индексі 2-МП) статистикалық нысан бойынша есеп беретіндерден басқа, саны 100 адамға дейін экономикалық қызметтің барлық түрлерінің заңды тұлғалары мен олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері еңбекақы статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық байқаулардың объектілері болып табылады.
Орташа айлық жалақыны, жалақы қорының құрамын, жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған шығындарын мемлекеттік статистикалық байқаулар үздіксіз әдіспен жүргізіледі.
Орташа айлық жалақы туралы деректердің көзі "Еңбек бойынша есеп"(индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық, жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы статистикалық байқау бойынша барлық ірі, орта және шағын (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) тексеруге жатады.